Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ауғанстанда су тасқынынан 33 адам қаза тапты

AstanaTV
15.04.2024ж. 18:11
222
Ауғанстанда су тасқынынан 33 адам қаза тапты

Ауғанстанда жауын құйып, оның соңы алапат тасқынға ұласты. «Ассоушиэйтед пресс» агенттігінің хабарлауынша, кемінде 33 адам қаза тауып, 27-сі жараланған. Ал «Талибан» үкіметінің өкілі, 600-дей үйдің қирап, 800 гектар егістік алқабының жойылып, 85 шақырым жолдың бұзылғанын мәлімдеді.

Су апатынан, ел астанасы Кабул мен батыстағы Фарах, Герат, оңтүстіктегі Забул және Қандағар провинциялары қатты зардап шеккен. Елдің метеорологиялық департаментінің болжамынша, алдағы күндерді Ауғанстанның 34 провинциясының көпшілігінде, жаңбыр жалғасуы мүмкін,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.