Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

БҚО-да ауқымды су тасқынының алдын алу шараларына жұмылдырылғандардың саны 6,3 мың адамнан асты

15.04.2024ж. 20:00
146
БҚО-да ауқымды су тасқынының алдын алу шараларына жұмылдырылғандардың саны 6,3 мың адамнан асты

Батыс Қазақстан облысында су тасқынының алдын алу шараларына қамтылғандар саны 6 мыңнан асты. Үкіметтің тапсырмасы бойынша елдімекендерден үлкен суды бұрып әкету және су тасқынынан келетін шығынды азайту үшін барлық күштер мен құралдар жұмылдырылған.{КСМ: }Атап айтқанда, төтеншеліктердің 1 мыңнан астам қызметкері, Ұлттық ұланның 700-ден астам, Қорғаныс министрлігінің 600 әскери қызметшісі жүр. Жұмысқа волонтерлік ұйымдардың қатысушылары да тартылған. Онда қазір 1,5 мың арнайы техника бар. Оның 790-ы еліміздің басқа өңірлерінен келген. Қазір Жайық, Шаған, Деркөл өзендерінің бойындағы жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде. Қорғаныс үйінділері 4-5 метр биіктікке дейін көтерілді.

Тұрлыхан КАРИЕВ, ЕРІКТІ:

Басында он бес шақты адам болып бөлініп келдік ауданнан. Күні кеше қатарымызға бір 55 адамдай қосылды. Жетпістің үсітнде ерікті адамдар келіп осы дамбы құру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. 2 мыңғдай қап құмға толтырып, соны дамбыға қойып жатырмыз.