Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Құлсары қаласының тұрғындары депутаттарға өз талаптары мен ұсыныстарын жеткізді

AstanaTV
15.04.2024ж. 20:00
305
Құлсары қаласының тұрғындары депутаттарға өз талаптары мен ұсыныстарын жеткізді

Құлсары қаласында 3 мыңға жуық тұрғын үй мен ғимараттарды су шайып кетті. Шаһардағы стадион, базар мен зиратты да топан су басты. Қарғын судан жапа шеккен Атырау облысы Жылыой ауданының тұрғындарымен Мәжіліс депутаттары кездесті.

Құлсары қаласының тұрғындары мәжілісмендерге өз талаптары мен ұсыныстарын жеткізуде. Мәселен, несие төлейтін күнін кейінге шегеру, бағалау комиссиясының құрамына жергілікті тұрғындарды енгізу, онлайн білім алу үшін жағдай жасау. Өйткені эвакуацияланған 30 мыңға жуық адамның жеті мыңдайы бала.

Еділ ЖАҢБЫРШИН ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Елдің ішінде белсенді азаматтар бар екен. Соларды осы ертең зардап шеккендерге бағалайтын комиссия жұмыс жасаған кезде соның құрамына енгізсе екен деп отыр. Барлық мәселе, келетін қаржы, жұмсалатын мемлекеттің ақшасы, бәрі ашық болсын, ешқайда ұрланып кетпесін, жемқорлық болмасын, біз өзіміз аралассақ деген талап қойып отыр. Ол талаптың бәрі дұрыс деп есептейміз.

Облыстық мәслихат депутаттары да тұрғындармен бірге. Олар жаға бекіту жұмыстарының басы-қасында жүр. «AMANAT» партиясының мүшелері 7 учаскеде 21,2 шақырым бөгеттің сапалы тұрғызылуына жауапты.

Фатима ТӨЛЕЕВА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазіргі уақытта жаңа жол салып жатқандай болып жатырмыз. Жаңа дамба салу көп уақыт. Бітіруге тырысып жатырмыз. Қазір штатта тағы компания сұраймыз. Теңіз тамағынан қарама қарсы соғатын компания сұратып жатырмын.

Бейбарыс РАХЫМ КОЛЛЕДЖ МҰҒАЛМІ:

Күніне екі ауысым келеді. Таңертегі ауысым, түске дейін одан кейін түстен кейінгі ауысым. Жалпы студенттер өз еріктерімен келіп жатыр. + Төтенше жағдай хабарланғаннан бері біздің колледж елмен бірге барлығы бірдей атсалысып.

Депутаттар тұрғын үйлермен бірге, кәсіпкерлердің егін шаруашылығына арналған жерін де топан судан қорғауды көздеп отыр. Арнайы мамандар судың шамамен қанша көлемде келетінін де есептеп қойған. Жайық өзені арқылы Каспий теңізіне емін-еркін құйылу үшін теңіздің тамағын да аршып жатыр.

Абдолла ИДРЕСОВ «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АОФ ТӨРАҒАСЫ:

Менің территориям 8,2 шақырым. Бүгінгі күнде 75 мың куб топырақ төселді. Бөгеттің ені 6 метр, биіктігі 3 метрден соғып жатырмыз. Оған арнайы келген мамандар өздерінің белгілерін қойып берді. Технодзорымыз бар қасымызда. 6 мердігер мекеме осы жерде жұмыс жасап жатыр. Техника 38 техникамыз бар.

Мәжіліс депутаттары Атыраудан соң ат басын Орал қаласына бұрды. Аймақтағы ахуалды көзімен көрген халық қалаулылары Су кодексіне өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді.

Еділ ЖАҢБЫРШИН ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Табиғи судың өзінің жайылатын жеріне елдімекен салынбауы керек. Арнасында өзінің келе жатқан өзенге тосқауыл қойылмауы керек. Қолдан жасалған бөгеттер үлкен проблема жасаған кеше Құлсарыда. Біздің бүкіл су ресурстарының кадастры болуы керек. Ол жерде салынатын бүкіл құрылымдар, бөгеттер бәрі заңдастырылуы керек. Себебі ертең осындай үлкен проблемаларға алып келуі мүмкін.

«AMANAT» партиясы қаладағы саяжайлардан көшірілген халыққа гуманитарлық көмек беріп жатыр. Төрт күннің ішінде 1300-ден астам отбасы азық-түлікпен қамтылған. Партияның өзге облыстардағы филиалдары тарыққан тұрғындардың керек-жарағын түгендеу үшін тонналап жәрдем жіберген.