$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Су басқан өңірлерде инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарымен айналысатын үш жедел топ құрылды

15.04.2024ж. 20:00
514
Су басқан өңірлерде инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарымен айналысатын үш жедел топ құрылды

Су басқан өңірлерде инфрақұрылымдарды қалпына келтіру жұмыстарымен айналысатын үш жедел топ құрылды. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми өкілі Меруерт Ибраева хабарлады. Ведомства өкілінің мәлімдеуінше, жедел топтың құрамына Ауыл шаруашылығы, Көлік, Денсаулық сақтау, Су ресурстары, Төтенше жағдайлар, Экология, Ғылым және жоғары білім вице-министрлері, сондай-ақ Үкімет аппаратының аймақтық инспекторлары кірген. 

Меруерт ИБРАЕВА ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлабаев су тасқынынан зардап шеккендерге, жаңа тұрғын үйсалу үшін әкімдік бөлген жер учаскелерінің жай-күйін тексерді. Әкімдіктің ақпараты бойынша өңірде 436 жер учаскесі бар. Министр жүргізіп жатқан жұмыстардың жеделдігімен, сапасына көз жеткізу үшін, қалпына келтіретінін жеке бақылауда ұстайтынын атап өтті.