Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Петропавлда су беру қалпына келтірілді

AstanaTV
15.04.2024ж. 20:00
216
Петропавлда су беру қалпына келтірілді

Петропавлда ауыз су беру қалпына келтірілді. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр “Қызылжар су” станциясының жұмысын тексерді. Істен шыққан стансаның орнына жаңа су қондырғысы орнатылды. Резервте жеткілікті көлемде су бар. Үздіксіз қамтамасыз етілмек.

Сонымен қатар Роман Скляр Петропавл қаласының Подгора ықшам ауданындағы құтқару жұмыстарымен танысты. Су басқан өңірлерден дрон көмегімен 48 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Іздестіру жұмыстарына тепловизоры бар ұшқышсыз ұшу аппараты пайдаланылып, 59 адам табылды. Қауіпті аймақ тұрғындарына эвакуациялауға қарсылық танытпауын ескертті.