$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Тасқын су салдарынан зардап шеккен осал топтағы азаматтар үшін Омбудсменнің жедел желісі қосылды

AstanaTV
15.04.2024ж. 23:00
515
Тасқын су салдарынан зардап шеккен осал топтағы азаматтар үшін Омбудсменнің жедел желісі қосылды

Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты көп азаматтар, оның ішінде мүгедектігі бар азаматтар, осал топтағы азаматтар әртүрлі кедергілерге тап болды. Осыған орай, Омбудсменнің жобалық кеңсесі ашылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Орталық коммуникация қызметіне сілтеме беріп.

«Егер қандай да бір сұрақтарыңыз болса, қиын жағдайларға душар болсаңыз, 8702 282 61 83 нөмірі бойынша жедел желіге, сондай-ақ пошта, инстаграм, Whats app арқылы хабарласуға болады. Біз қолдан келгенше көмектесуге тырысамыз», - деді ҚР Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейтжан.