Ақмола облысының Бурабай ауданындағы Щучинск қаласында жеке тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды AstanaTV.
Өрт 90 шаршы метр аумақты шарпыған.
Өртті сөндіру барысында құтқарушылар үйден 1968 жылы туған ер адамның және әйел адамның денесін алып шықты. Өрттің алдын ала себебі анықталып жатыр, - деп хабарлады облыстық ТЖД.
Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 16 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды.
Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректің Бурабай аудандық полиция бөлімінде тіркелгенін хабарлады.
Қазір полиция қызметкерлері мен арнайы қызметтер жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.