Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Қызылордада қарқынды жүргізілуде

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Қызылордада қарқынды жүргізілуде

Мемлекет басшысының ұсынысымен бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қарқынды жүруде. Оған Қызылорда облысы Арал өңірінің халқы да атсалысып жатыр. Олар қаладағы ескерткіштердің аумағын қыстай жиналған қоқыстан тазалап қоймай, көшеттер отырғызуда.

Акцияның «Киелі мекен» деп аталатын апталығы аясында Арал өңірінде жұмыс қарқынды. Қаладағы тарихи-мәдени ескерткіштердің айналасын тазалау жұмыстары жүргізілуде. Туристер көп келетін «Балықшылар» және Әзілхан Нұршайықов музейінің алдына тал отырғызылды. Сонымен қатар, маңайын әкету, сырлау жұмыстары жасалды.

Байнияз ТІЛЕПОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ:

Тазалық барлық адамның денсаулығына пайдалы. Сондықтан бұл акцияны күзге дейін жүргізуге болады. Балықшылар музейінде түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Жан-жақтан шетелден де келіп көрермендер қатысып жатыр. Сондықтан біз тазалық жұмыстарын жүргіземіз. Красклейді, әктейді.

200-ге жуығының маңында тазалық жұмыстары жасалады. Сонымен қатар 80-ге тарта танымдық шара ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Ерғазы АЛДАНАЗАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КММ-НІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Апталықтың өткізілуіне зиялы қауым өкілдері, өнер қайраткерлері, өнер жұлдыздары, мәдениет саласының қызметкерлері түгелдей қатысты. Осы жұмыстар әрі қарай жалғасын табатын болады. Осы апта көлемінде қала аумағындағы, аудан облыс көлеміндегі тарихи-мәдени орындарды көркейту мақсатында түрлі жұмыстар жүргізілетін болады.

Экологиялық акциясының бастау алғанына аз уақыт өтсе де қала мен аймақтың барлық аудандарында жұмыс қызу. Мемлекеттік қызметкерлерін өзге, қарапайым тұрғындар да ауқымды науқанға өз үлестерін қосып жатыр.