«Нұр Отан» партиясы сайлауалды штабының Алматыдағы бүгінгі күні нәтижелі өтті. Нұротандықтар бір күнде ардагерлерге барып, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жастарымен жүздесіп, жергілікті кәсіпкерлермен де тілдесіп үлгерді. Партияның сайлауалды бағдарламасындағы бизнесті қолдау мен қаржылық дағдарыстан шығу жоспары бизнес өкілдерінің қолдауын тапты. Алматылық іскерлер «Нұр Отанның» саяси тұғырнамасынан жаңа мүмкіндіктер де тауып отыр. Жергілікті бизнесмендер партия жоспарында дағдарыс кезінде қалай жұмыс істеу керектігі жан-жақты жазылған. Сондықтан бизнес орта «Нұр Отанмен» бірге дейді. Ресми кездесулер соңы «Есіктен есікке» акциясына ұласты. Партия өкілдері алматылықтардың үйлерін аралады. Шара барысында нұротандықтар бағдарламаларын насихаттап қана қоймай, азаматтарды толғандыратын мәселелерді біліп, дәптерлеріне түртіп алды.
Ербол Шырынбеков, «Қарасай LTD» компаниясының бас директоры:
Бизнесмендер бірауыздан «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын толықтай құптайды. Онда кәсіпкерлер үшін өз ісін одан әрі дөңгелету тұрғысында не істеу қажет екені нақты жазылған.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ