Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар көмек алуға онлайн өтінім бере алады

AstanaTV
16.04.2024ж. 20:00
99
Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар көмек алуға онлайн өтінім бере алады

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар онлайн өтінім беру арқылы көмек алуына болады. Ақмола облысында пилоттық жоба іске қосылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. Ол үшін еГов Мобайл қосымшасындағы “Су тасқынынан зардап шеккендер бойынша жаңа сауалнама” қызметіне жүгіну қажет. Азаматтардың өтінішін апат болған өңірлердегі жергілікті атқарушы органдар қарайды. Өтініші өңделген азаматтардың зақым келген мүлкі көшпелі түрде бағаланып, тиісті қолдауға ие болады. Айта кетейік, жеке деректердің қауіпсіздігі үшін тек еГов порталының ресми қосымшасын пайдалану керек.