Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"AMANAT" партиясы 20 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді

"AMANAT" партиясы 20 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді

«AMANAT» партиясы кезекті гуманитарлық көмекті Батыс Қазақстан облысына жөнелтті. Бастауыш партия ұйымдары 20 тоннадан астам тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлік жинады. Жүк көлігіне өңірге ең қажетті резеңке етіктен бастап, моторлы қайық, қап, күрек, су, тұрмыстық және гигиеналық заттар мен басқа да құрал-жабдықтар тиелді. Бұған дейін партияның елордалық филиалы қала әкімдігі, мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдары және кәсіпкерлермен бірлесіп Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарына 100 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберген. Тасқын судан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету әлі де жалғаса бермек.

Мұхаммед БОЛЫСБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Бұл біздің бірлігімізді көрсетеді. Дәл осы сәтте жұрт болып жұмылып, халық болып ұйысу өте маңызды. Бірлігімізді көрсетуіміз керек. Мұндай сәтте біз үнсіз қала алмаймыз. Астана қаласы бойынша 9 гуманитарлық көмектерді жинайтын пунктер жұмыс жасайды.

Көмек көрсетуде еріктілер тынбай жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін астаналық 200 волонтер Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстарындағы ауылдарға барып, төтеншеліктерге көмек көрсеткен.

Тұрабек АЛХАНОВ, ЕРІКТІ:

Қауіп қалай төнді елімізге содан бастап көмек көрсетудеміз. Жалпы осы кезге дейін 200 тонна гуманитарлық көмек жібердік, басқа аймақтарға.