$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ұсталған содырдың қазақстандық екені расталды

AstanaTV
27.01.2017ж. 20:00
2863
Ұсталған содырдың қазақстандық екені расталды

Ауғанстанда лаңкес ретінде ұсталған Қазақстан азаматы халықаралық іздеуде болған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ол 1989 жылы Атырау облысында дүниеге келген Дамир Зналиев. Ол Ауғанстанның солтүстік аймағындағы Сари-Пуль қаласы маңында болған арнайы операция кезінде тұтқындалған бір топ лаңкестердің арасында болған. Енді ол елге экстрадициялануы мүмкін.

Ануар Жайнақ, ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі:


19 қаңтарда Ауғанстанның Сари-Пуль солтүстік провинциясында жергілікті құқық қорғау органдары террорлық әрекетке қатысты күдікпен Қазақстан Республикасының азаматы 1989 жылғы Атырау облысының тумасы Зналиев Дамир Амангелді ұлын ұстады. Қазақстандық тараптан оған халықаралық іздеу жарияланған болатын. Қазірде еліміздің құзыретті органдары күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау жағын қарастырып жатыр.