$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендер жаңа баспана алуда

AstanaTV
17.04.2024ж. 16:37
452
Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендер жаңа баспана алуда

17 сәуірде қалаға көшкісі келген ауыл тұрғындары жаңа тұрғын үйге кіре бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екідин және Қызылжұлдыз ауылдарының 24 тұрғыны Арқалыққа көшу үшін тиісті өтінішті әкімдікке берген.

"Бүгінгі таңда 24 пәтер сатып алуға шарттар жасалды, 16 сәуірде жалпы сомасы 317 миллион 183 мың теңгеге қаражат аударылды. Алғашқы тұрғындардың пәтерлерге келуі ағымдағы жылдың 17 сәуірінде басталды",-деп хабарлайды Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қалаға көшкісі келетін ауыл тұрғындарынан өтінімдерді қабылдау жалғасуда.