$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Таза Қазақстан» акциясының «Киелі мекен» апталығы Жетісуда жалғасты

«Таза Қазақстан» акциясының «Киелі мекен» апталығы Жетісуда жалғасты

"Таза Қазақстан" акциясының "Киелі мекен" апталығы жалғасуда. Осыған орай Жетісу өңірінде Ақын Сара мен жыр мұзбалағы Мұқағалидің ескерткіші айналасында тазалық жұмыстары жүргізілді.

Ескерткіштерді тазалау- тарихи тұлғаларымызға көрсетілген құрмет. Акцияға қатысушылар «Киелі мекен» акциясы ұрпаққа үлгілі іс дейді.

Қайрат ҚАЗЫКЕНҰЛЫ, ЖЕТІСУ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 Бұл жерге қазір айтыс ақындары жиналып, өздерінің өнерлерін көрсетеді, апамыздың алдында. Бұл жалпы тасқа табыну емес, дүниеден өткен ақындарды, бабаларды құрметтеу болып табылады.

Бізде қазір тазалау жұмыстары болғаннан кейін, соңынан апамыздың сіңілісі, ақын Зирагүлді шақырып отырмыз.

Ақын Сараның ескерткіші алдында басталған шара Мұқағали аллеясында жалғасты. Онда 20-ға жуық зиялы қауым өкілі жиналып, өлең оқыды. Онан соң белсенді түрде тазалық жұмыстарын жүргізді.

Жангелді НЕМЕРЕБАЙ, ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӨКІЛІ:

Бүгін мына Мұқағали ағамыздың айналасына келіп, осы жерде жетісулық қаламгерлер, "Жанр" әдеби клубы бар, сол жастар келіп, Мұқағалидің ескерткішін тазартып айналасын жуып дегендей... Бір жағы өткенге құрмет тұлғаларымызға, екінші жағы айналаны, аллеяны тазарту мақсатында осындай акция жүріп жатыр.

Қазір Жетісу өңірінде 229 монументалды ескерткіш бар. Оның 80-ні осы «Киелі мекен» акциясы аясында тазаланса, қалған 149-н абаттандыру шаралары содан соң қолға алынбақ.