Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Аұтөбе облысында ат-шаналар ақылы қызмет көрсетіп жүр

AstanaTV
27.01.2017ж. 20:00
3103
Аұтөбе облысында ат-шаналар ақылы қызмет көрсетіп жүр

Ақтөбе облысы Алға ауданына қарасты Маржанбұлақ ауылында ақылы ат-шана қызметі пайда болды. Тұрғындар оны ауыл сыртындағы бұлақтан күнделікті ауыз суларын тасымалдау үшін пайдаланады. Бұлаққа облыс орталығынан келетіндер де көп. Сондықтан демалыс күндері су алушылар тіпті сағаттап кезекке тұрады екен. Ақылы ат-шаналардың қызметі қанша? Тілшіміз Жақсыбек Кемал анықтап көрді

Ауыл тұрғындарының тірлігі өзге елді мекендердегілерден көш ілгері. Газ, тіпті су да келіп тұр. Бірақ, халық бұрыннан тек бұлақ суын ішіп үйреніп қалғандықтан, құбырдан келетін суды қолдана бермейді екен.

Жақсыбек Кемал, тілші:

«Ауыл тұрғындарының көбі суды әлі күнге дейін бұлақтан тасып ішеді. Ал, оған баратын жол қыс мезгілінде жабық. Сондықтан тек ат-шанаға үміт артуға тура келеді».

Тұрғындарға негізінен екі ат-шана қызмет көрсетеді. Рахметолла соның бірі. Ол су алуға қаладан арнайы келетіндердің ыдыстарының көлеміне қарай 500-бен  800 теңге аралығында ақы алатындарын айтады.  Ал ауыл тұрғындары үшін қызмет ақысы едәуір төмен.

Рахметолла, ауыл тұрғыны:

Жақсы. Асқазанға ем дейді. Осы ат-шанамен кейде көмек сұрайды. Келеміз, алып барамыз. Осы жерді басып тастайды. Жол болмайды. Бұлақ әне, 800 метр бола ма, болмай ма». Бұл су асқазанға ем.

Бұл бұлақтың суының шипалық қасиеттері мол екен. Тұрғындар жұртшылықтың көптеп келетіні де сондықтан, дейді.

Мұхтар Ақтөбе, қаласының тұрғыны:


Суды бәріміз осы бұлақтан пайдаланамыз. 10 жылдап алып жатқандар бар. Сапа жағынан таза. Осыған бір жағдай жасап қойса. Әкімдіктен.

«Жағдай неге жасалмайды» деген сұрақпен ауыл әкіміне хабарласқанбыз. Алайда, ол жауап беруден бас тартып, бізге ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасын жіберді. Ақсақалдың айтуынша, бұлаққа дейінгі жолды әкім мен ауыл тұрғындары ақылдасып, әдейі ашпай отыр екен. Себебі соңғы кездері бұлақ суын сатып, пайда табатындар да пайда болыпты. Олар ыдыстарына су толтырам дегенше, ауыл тұрғындары сағаттап күтуге мәжбүр. Одан бөлек, бұлақ айналасына қоқыс тастап, ластайтындар да  көп.

Жанат Теларысұлы, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

«200-300 баклашкамен келеді, Олар ішу үшін емес, талай көрдік ауруханаға апарып сатып жатқанын. Жолды осы жетіде аштырмай тастадық. Өзіміз су ішуден қалдық. Ашсақ, бір жетіде қайта бітеп тастайды. Айттым ақсақалдарға: «Ашпайық, әкімге айттым, ашпа, өзім жауап беремін». Өйткені өзіміз жарымаймыз, не деген сұмдық?!»

Бұған дейін ауылдық ақсақалдар кеңесі әкімдікпен бірге шешім қабылдаған. Қалалықтар жаз мезгілінде кешкі сағат  9-дан кейін ғана келуге рұқсат етілген. Әрқайсысы 50 литрден артық алмауы тиіс. Ал, ауыл тұрғындары бұлаққа кезексіз жіберілуі тиіс. Тұрғындар ендігі жерде осы шешімнің орындалуын мықтап қадағалаймыз деп отыр. Ал, оған дейін ақылы ат-шаналардың қызметі қыза беретін секілді.

Жақсыбек КЕМАЛ