Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі Дели-Алматы бағыты бойынша Air Astana әуекомпаниясы рейсінің бортында тіркелген тырысқақ ауруының ошағы жойылғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Делиден Алматы арқылы үйіне бара жатқан Қырғызстан азаматы емделуден сәтті өтіп, жақсы нәтижемен стационардан шығарылды. Қазіргі уақытта ол Бішкекке кеткені айтылды.
"Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының жедел іс-қимылдары ел ішінде тырысқақтың таралуын болдырмай, инфекцияны уақтылы анықтауға және оқшаулауға мүмкіндік берді. Байланыста болған адамдардың зертханалық зерттеулерінің нәтижелері - теріс, 154 адамнан медициналық бақылау алып тасталды", - делінген хабарламада.