Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Павлодарда теміржол вокзалына күрделі жөндеу жүргізілді

18.04.2024ж. 20:00
90
Павлодарда теміржол вокзалына күрделі жөндеу жүргізілді

Павлодарда теміржол вокзалына күрделі жөндеу жасалынды. 40 жылдан астам уақыт жөнделмеген ғимарат әбден тозған болатын. Теміржол торабына жаңғырту жұмысы демеушілік қаражат есебінен жүргізілді. Бұған еліміздегі ірі мыс өндіруші «КAZ MINERALS» тобы 1,5 млрд. теңге бөлген. Соның арқасында теміржол бекеті басынан аяқ толық жөнделді. 

Павлодар теміржолы бекеті осыдан 1 ғасыр бұрын бой көтерген. Тоғыз жолдың торабындағы вокзал 9 бағыт бойынша пойыздарды қабылдайды. Күн сайын мың жарым адамға қызмет көрсетеді. Бірақ, бұл ғимарат соңғы 40 жылда жөндеу көрмеген. Соның салдарынан нысанның әбден тозығы жетіп, бүліне бастады.

Асайын БАЙХАНОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Бұл вокзалда бірнеше проблема болды. Оның біріншісі вокзал өте салқын болатын еді қыста. Сондықтан біз бұл жердегі жылу жүйесін ауыстырдық толықтай жаңадан. Екіншіден, бұл жерде ішкі, сыртқы жанағы қабырғалары мен едендері толықтай ауыстырылды. Және бүгінгі күні заманауи талаптарға сәйкес заманауи дизайнда бұл вокзал жаңғыртылды.

Ғимаратты толықтай жөндеп шығуға еліміздегі ірі мыс өндіруші «КAZ MINERALS» тобы қолдау көрсеткен. Компания 1,5 млрд теңге бөлді. Бұған ішкі,сыртқы әрлеу жұмыстарынан бөлек, жедел саты, пандус сияқты қажетті дүниелер орнатылды. Бұған дейін мүмкінділігі шектеулі азаматтар мен қол арбамен жүрген аналарға екінші қабатқа шығу, түсу қиын болатын.

Джейми КАРАТТИ, «KAZ MINERALS BOZSHAKOL» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

Басты мақсатымыз өңірдің дамуын жақсарту. Біздің компания қызметкерлері көп бөлігі осы аймақта тұрады. Сондықтан, біз оларға қолайлы жағдай жасау үшін вокзалға жөндеу жасап беруді ұйғардық. Сол үшін де ғимараттың инженерлік желілеріне толықтай жөндеу жасалынды. Бұл теміржол торабы еліміздің батысы мен шығысын, оңтүстігі мен солтүсігін қосып тұр. Сондықтан, халықтың жайлылығы үшін қолдау көрсету біз үшін зор мәртебе.

Теміржол бекетінің жөндеуден кейінгі келбеті жолаушыларды да таң қалдырды. Көпшілігі жақсы жөндеу жасалынғанына ризашылығын білдірді.

Марғұлан ЕРБОЛАТ, ЖОЛАУШЫ:

Көрінісі өте жақсы. Көңілімнен шықты. Іші бәрі ашық. Өте жақсы салған. Балалар ойнайтын алаң бәрі бар. Орындықтары бәрі жаңаланған жақсы.

Серікбол ҚУАНТАЙ, ЖОЛАУШЫ:

Қазіргі көрніс бұрынғыдан қарағанд өте керемет. Бұрын енді ескі болды ғой. Қаншама жыл болды. Ескірді. Кірген кезде іші қараңғы болып тұратын. Ескіре бастады. Не приятно. Қазір жылтырап тұр. Жаңа жақсы. Бәрі керемет. Бүкілі бар.

Қазір теміржол вокзалынынан үш көлік түріне билет сатып алуға болады. Тіпті, ұшаққа да осы жерден билет алуға мүмкіндік бар. «КAZ MINERALS» тобы алдағы уақытта өңірдегі басқа әлеуметтік маңызы бар жобаларға қолдау көрсетпек.