$494.87 €520.65 ₽4.91
×

БҚО екі аптада ұзындығы 100 шақырым бөгет салынды

18.04.2024ж. 20:00
582
БҚО екі аптада  ұзындығы 100 шақырым бөгет  салынды

Оралда Жайықтың деңгейі қауіпті межеге жетуіне 69 сантиметр ғана қалды. Мамандар болжамына сүйенсек, өңірге мол су 22 сәуірде келіп жетеді. Облыста 4 мыңнан астам үйді су басып, 14 мың адам құтқарылған. Олардың дені - саяжай тұрғындары. Қазір келген шығынды есептеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қалияр АЙТМҰХАМБЕТОВ, БҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

380 үйді жарамсыз деп шығарып тұрмыз. Құлаған үйлердің орнына бәріне де үй салынады. Біздер деген әуелі үй салардың алдында толық сол елді мекеннің топографиялық нелерін өлшеу керекпіз. Ол қайтадан салып, оны қайтадан су басатын болса, қандай нәтиже болады одан? Сондықтан әбден зерттеп, тиісті құзырлы мекемелердің қорытындысын алып, содан кейін тек салынады.

Қазір қаланың өзенмен шектесер тұсынан бөгет соғылып, нығайтылып жатыр. Тасқынға тойтарыс жұмыстарына 6 мың адам, 1 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылған. Олардың ішінде өзге өңірлерден келген еріктілер де бар. Өзен суынан қорғайтын, ұзындығы 100 шақырым бөгет екі аптада салынды. 

Дәл осындай уақытта қол ұшын созып, саяжайда тұрып жатқан кісілердің үндеуін естіп, қолден келгенше біздер де қарап қалмай ат салысып жатырмыз. Дамбаның құрылысына жетпей жатыр дегендіктен, топырақ алып келдік және 500 дана қапшық алып келіп жатырмыз.