$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Париж Олимпиадасында Қазақстанның туын ұстайтын Надежда Дубовицкая басына сәукеле киіп шығады

AstanaTV
18.04.2024ж. 16:19
421
Париж Олимпиадасында Қазақстанның туын ұстайтын Надежда Дубовицкая басына сәукеле киіп шығады

Олимпиадаға баратын қазақ спортшыларының формасын испан компаниясы тігетін болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Туризм және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосыновтың сөзінше, спортшыларға Joma шетелдік брендінен 16 нұсқалы толық спорттық жабдық алынады. Бүкіл формаға демеушілердің қаражаты жұмсалады. Киімдер Олимпиада ойындарының басталуына 35 күн қалғанда таратылады.

«Азия ойындарының қорытындысы бойынша, спортшылардың талап-тілектеріне талдау жасап, соның негізінде халықаралық брендке тапсырыс бердік», - дейді ол.