Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Өскемен түрмесіндегі сотталушылар топан судан зардап шеккендерге модульді үй жеткізуге дайын

Өскемен түрмесіндегі сотталушылар топан судан зардап шеккендерге модульді үй жеткізуге дайын

Өскемен түрмесіндегі сотталғандар су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға модульді үйлер жеткізуге дайын. Олар осы уақытқа дейін мұндай баспаналарды демалыс орталықтары мен шипажайларға арнайы жасаған. Бас бостандығынан айрылғандар біраз өңірді топан су басып, халық үйсіз қалған соң зардап шеккендерге көмектесуді ұйғарған. Модульді үй экологиялық таза материалдардан жасалады. Ол тез жиналады, әрі тасымалдау оңай. Жылуды қалыпты ұстап, -15 градус температураға дейін шыдайды. Жұмысшылар мұндай баспананы медициналық бекет, асхана немесе уақытша баспана ретінде пайдалануға болатынын айтады.

Алмат АСПАНДИЯРОВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:

Су тасқыны басталғаннан бастап біз модульный домдарға көңіл аудардық. Жылдам уақытта апарып, тасқын болған жерге қоя салатындай етіп, сол үшін біз екі үй жасап қойдық. Бір үйдің қаңқасын көтеру үшін 15-16 адам жұмылдырылады. Он бес күндей уақыт алады.