Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Ақтауда той кортежіне қатысты 17 хаттама толтырылды

AstanaTV
21.04.2024ж. 08:05
735
Ақтауда той кортежіне қатысты 17 хаттама толтырылды

Ақтауда той кортежінің жүргізушілеріне қатысты 17 әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл туралы Маңғыстау облысының Полиция департаменті хабарлады, - деп хабарлайды Lada.kz.

Үйлену той кортежін ұйымдастырып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің кадрлары әлеуметтік желідегі парақшаларда тарады.

"Ақтау ПБ ППБ қызметкерлері дереу көлік жүргізушілері мен жолаушыларын анықтады. Автокөлік жүргізушілері қауіпсіздік белбеуін тағу, жолаушы тасымалдау ережелерін, маневр жасау ережелерін бұзғаны, авариялық жағдай туғызғаны және көлік пайдалану ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды.
Нәтижесінде аталған құқық бұзған адамдарға 17 хаттама толтырылды", - делінген хабарламада.

Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437, 590, 591, 593, 614, 615-баптары бойынша бірқатар әкімшілік хаттамалар жасақталғаны айтылды.