«Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова Батыс Қазақстан облысындағы қазіргі су тасқыны жағдайына қатысты мәліметті жариялады.
«Облыс аумағындағы өзендерінің басым бөлігінде су тасқынының негізгі кезеңі өтті. Бүгінгі сағат 12:00-дегі жағдай бойынша Жайық өзенінде, яғни Орал қаласы гидрологиялық бекетінде су деңгейі 854 сантиметрге жетті, қауіпті деңгей - 850 сантиметр», - А. Исмагулова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.
Оның айтуынша, Жайық өзенінің бойында орналасқан Бөрлі, Бәйтерек, Теректі, Ақжайық аудандарындағы елді мекендерді де су басу қауіп төніп тұр.
«Батыс Қазақстан облысындағы бір аптадағы күн райына тоқталсақ, 23, 25 сәуірде күндіз, 26 сәуір тәулік бойы жаңбырлы. Температураның түнде 12-17 градустан 4-9 градусқа дейін төмендеуі, алдағы апта соңында аздап 7-12 градусқа дейін көтерілуі ықтимал. Ал күндіз 27-32 градустан 15-20 градусқа дейін бірте-бірте төмендеуі, апта аяғында 20-25 градусқа дейін жоғарылауы мүмкін», - деді баспасөз хатшысы.