Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны құттықтады

AstanaTV
21.04.2024ж. 19:41
355
Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны Штутгарт турниріндегі жеңісімен құттықтады

«Елена Рыбакинаны Штутгартта өткен теннис турнирінің жеңімпазы атануымен құттықтаймын. Қазақстанның бірінші ракеткасы биылғы маусымда осымен үшінші турнирде жеңіске жетіп отыр. Бұл — үлкен жетістік. Даңқты теннисшімізге толағай табыс тілеймін!» — деп жазды Мемлекет басшысы.