$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Оралдық жылу мекемесінің бұрынғы басшысы 7 жылға сотталды

AstanaTV
30.01.2017ж. 20:00
2215
Оралдық жылу мекемесінің бұрынғы басшысы 7 жылға сотталды

Оралдағы "ЖайықЖылуҚуат" компаниясының бұрынғы басшысы Нұрлыбек Киреев 7 жылға сотталды. Ол 350 миллион теңге мемлекет қаржысын жымқырды деп айыпталған. Енді  жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді.

Руслан Жұмағұлов, Орал қалалық сотының судьясы:

Сот Киреев Нұрлыбекті кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім кесті. Қылмыстық жолмен тапқан бар дүние-мүлкі тәркіленсін және бес жылға дейін лауазымды қызметті атқару құқынан айрылсын.

Нұрлыбек Киреев кінәсін мойындамады. Қарамағындағы қызметкерлеріне сеніп қалғанын жеткізді. Айта кетелік, оған халықаралық іздеу жарияланып, шетелде қашып жүрген жерінен ұсталған. Тергеу анықтағандай, Киреев осыдан екі жыл бұрын жылу беру мекемесінің газтурбиналық қондырғысына қосалқы бөлшектер сатып алмақ болады. Құжат бойынша Жапониядан жеткізілуі тиіс құралды Ресейден алуды көздеп, қызметкері Бакир Каримовпен сөз байласып, ресейлік танысының фирмасымен келісімшарт жасайды. Оның есеп-шотына 349 миллион теңге аударады. Кейін қылмысы әшкере болған соң елден қашқан.