$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қытайдың Гуандунь провинциясында 127 миллион адамды тасқыннан қорғау жоспары жасақталды

AstanaTV
23.04.2024ж. 11:39
523
Қытайдың Гуандунь провинциясында 127 миллион адамды тасқыннан қорғау жоспары жасақталды

Қытайдың Гуандунь провинциясының билігі 127 миллион адамды тасқыннан қорғау жоспарын жасақтады. Айта кетсек, бұл аймақта төпелеп жауған жаңбырдан үлкен өзендердің суы соңғы 50 жылдағы ең жоғары деңгейге көтерілген. Сондықтан, провинция аумағында 110 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілді. Алайда 40 мыңдайы су басқан аудандардан кете алмай жатыр,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. 

«Синьхуа» агенттігінің ақпаратынша, су апатынан 4 адам қаза тауып, он тұрғын жоғалып кетті. Іздеу және көмектесу операцияларына құтқару бригадалары қайықтармен жөнелтіліп жатыр.