Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

"Бүгін ізгі ниетпен егілген тал болашақ ұрпаққа жолданған әдемі хат іспетті",-актер

"Бүгін ізгі ниетпен егілген тал болашақ ұрпаққа жолданған әдемі хат іспетті",-актер

Өнер адамдары 60 түп ағаш екті. Сондай-ақ, айналаны гүлмен көмкеріп, ауланы тазартты. Бұл «Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында ұйымдастырылған. Сенбілікке Мұхтар Шаханов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Рамазан Стамғазиев та қатысып, қолдау білдірді.

Марал АНАРБЕК, АКТРИСА:
Театрдың айналасын көгалдандыру, әдемілеу, көркемдеу, келген халыққа сондай бір әдемі көрініс сыйлау ол әрине өзіміздің қолымызда. Сондықтан біз бүгін осы театрымыздың маңайына алпысқа жуық ағаш отырғызуға бел буып отырмыз. Және сондай әдемі түрлі-түсті гүлдердің де түптерін алып келдік. Қазір соның барлығын театрдың маңайынан көре аласыздар.
Оңдасын Бесікбасов -40 жылға жуық тәжірибесі бар актер. Ол бүгінгі ізгі ниетпен егілген тал болашақ ұрпаққа жолданған әдемі хат іспетті дейді.

Оңдасын БЕСІКБАСОВ, АКТЕР:
Сүйікті Алматы қаламызды көгілдір, әдемі, жер бетіндегі үлкен қалалардың қатарына қоспақшы ретінде гүлдендіріп, бүгін Алматы үшін алма ағашын егіп жатырмыз. Бұл келешек ұрпаққа өзінің нәтижесін беріп, жемісін беретін болса, біз содан рахат, ләзәт табамыз деп ойлаймын.
Театрдағы екі жүзге жуық әртіс пен биші көктемнің жаршысындай болған тазалық акциясын мерекедей қарсы алып, қуана үлес қосуда.

Алма АМАНЖОЛОВА, АКТЕР:
біздер үшін тарихи күн деп ойлаймын. Өйткені ертең сол жайқалып өскен бақтың ішінде, жайқалып өскен гүлдердің арасында біздің көрермендер қыдырып, өздерінің көңіл-күйлерін көтереді деген үміттеміз.
Ерсұлтан АДЫРБЕК, ӨНЕР ТЕАТРЫНЫҢ БАС ӘКІМШІСІ:
Көңіл-күй өте керемет. Бұл науқан қаламызды таза ұстауға шақырып жатыр. Қала жалғыз біз көппіз. Сондықтан қаламызды таза сақтап... Дәл қазір мінекей ағаш отырғызып жатырмыз. Бұл да үлкен бір жетістіктің бастауы. Болашаққа деген үлкен бастау, бағыт деп білемін.
Енді театр ауласына әртістер еккен терек, қайың, алма ағаштары жайқалып, болашақ ұрпақтың мәуелі саясына айналмақ.