Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қызылордада көкпардан Қазақстан чемпионаты басталды

23.04.2024ж. 20:00
294
Қызылордада көкпардан Қазақстан чемпионаты басталды

Қызылордада көкпардан ел біріншілігі басталды. Республиканың 15 өңірінен келген 300-ге жуық шабандоз дүбірлі додада бақ сынасуда. Командалар жиырма үшінші чемпионаттың алғашқы кездесулерін өткізді. Барлық ұжым үлкен дайындықпен келген. Тіпті жарыстан бұрын Сыр өңіріне дайындық жүргізген командалар бар. Финалдық ойын 29-ші сәуірде өтеді.

Ырыскелді БАЙТАСОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ КӨКПАР КОМАНДАСЫНЫҢ БАПКЕРІ:

Жақсы аттарымыз іріктеліп, балаларымыз да іріктеліп сол балалар шауып жатыр. Дайындығымыз жақсы. Осы ойында бірінші орынды аламыз деген жақсы мақсаттамыз.

Жұмат БОЛАТ, ШАБАНДОЗ /ҚАРАҒАНДЫ/:

Көкпармен айналысып жүргеніме 6 жыл болды. Бала кезден шауып келе жатырмын. Жарысты тамашалап жатырмыз. Қарқынды өтіп жатыр. Әр команда дайындалған, жақсы.