Кітапты насихаттаймыз жастарға. Бір-біріне кітап сыйлауды әдет етіңдер деп насихаттаймыз. Қолдарыңа кітап ұстап жүріңдер деп насихаттаймыз. Егер қазақтың кез келген қызының, кез келген жігітінің қолында кітап ұстап кетіп бара жатса, ол адамның саусақтарымен, бүкіл тамыр жүйелерінде кітаптың рухы жүріп жатыр деген сөз.
Мен айына үш-төрт кітап оқығанды жақсы көремін. Және де бүгін бізге кітап сыйлағанына мен өте қуаныштымын. Себебі маған жаңа кітап ол ең күшті және де ең бағалы сыйлық деп санаймын. Өзім достарыма да көптеген кітаптар оқуға кеңес беремін.
Біз көптеген мектептермен жұмыс жасаймыз. Осы мектептерде кітап сүйер клубтар бар. Осылардың бәрі келіп, өздерінің пікірлерін білдіріп жатыр. Бізден қаншама кітап сатып алды. Осы кітап күніне орай «КІТАП-AMANAT» жобасының нәтижесін бүгін көріп отырмыз. Оқырмандардың ізгі тілектері мен ұсыныстарын қабыл алып, алдағы уақытта да бұл жобаны жүзеге асырамыз деген үміттеміз.