Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қырғызстанның Ош облысында төтенше жағдай жарияланды

AstanaTV
23.04.2024ж. 23:36
277
Қырғызстанның Ош облысында төтенше жағдай жарияланды

Қырғызстанның бірнеше аймағында сел жүріп жатыр. Кейбір ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Ош облысында төтенше жағдай жарияланды. Өңірдің бірнеше ауданында нөсер жауын салдарынан 100-ге жуық үйді су басқан.

Ал бір ауылда селге қарсы бөгетті су бұзып кеткен. «Курсив» порталының хабарлауынша, елдегі тас жолдардың бірінде көлікпен келе жатқан бір отбасы қаза тапқан.

Жалал-Абад, Баткен облыстарында да сел жүру қаупі күшейген. Жергілікті синоптиктердің айтуынша, апта бойы жаңбыр жаумақ, деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.