$442.85 €480.32 ₽4.94
×

"Көз жасымды сүртіп, өз-өзіме келіп жатырмын". Ләйлә Сұлтанқызы сүйінші жаңалығын айтты

AstanaTV
23.04.2024ж. 23:04
390
"Көз жасымды сүртіп, өз-өзіме келіп жатырмын". Ләйлә Сұлтанқызы сүйінші жаңалығын айтты

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тележүргізуші жаңалықты естігенде көңілі босап кеткенін жазды.

"Мама, бірден көңілім босап кетті.Бөлісетін шынымен де керемет бір жаңалығым бар. Уһ, көз жасымды сүртіп, өз-өзіме келіп алайын. Біздің пациенттердің ең үлкені Мадина 47 жаста. АХГ көтерілді. ЭКО-белгісіз ұзақ жол.Басында қалай уайымдағанымызды білсеңіздер ғой. Жасына байланысты күдік пен қорқыныш өте көп болды.Мадина жасына байланысты мемлекеттік квота ала алмаған. Отау құрғандарына 27 жыл болыпты. Осыған дейін ақылы түрде жасатқан эмбрион тасымалы нәтижесіз аяқталған. Бастысы біз дәрігерлермен берілген жоқпыз!" - деп жазған ол.