Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Қызылордалық жастар «Кітап-AMANAT» жобасы аясында танымал әндердің авторымен кездесті

Қызылордалық жастар «Кітап-AMANAT» жобасы аясында танымал әндердің авторымен кездесті

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы ақын-жазушылармен кездесу өткізуді дәстүрге айналдырған. Мақсат- жастарды белгілі тұлғалармен жақын таныстыра отырып, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру. Бұл бастама «Кітап-AMANAT» жобасы аясында жүзеге асуда. Мәдени-ағартушылық орталықтың кезекті қонағы Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, бірнеше танымал әндердің аворы Ақжол Түменбай болды. Кездесуге «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері мен жас ақын-жазушылар қатысты. 

Әсет МҰХТАРОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ КЕҢЕСШІСІ:

Оқыған кітаптары жайлы, кітаптың жастарға пайдасы жайлы, керемет әндерді қалай жазылады сол туралы сұрақ-жауап, керемет кездесу өтіп жатыр. {Бұл «AMANAT» партиясының }«Кітап AMANAT» орталығында осындай шаралар алдағы уақытта да өткізілетін болады.