$498.34 €519.72 ₽4.85
×

3 мыңнан астам ерікті Ақмола, Ақтөбе облыстарында үйлерді ретке келтіруге көмектесіп жатыр

24.04.2024ж. 20:00
464
3 мыңнан астам ерікті  Ақмола, Ақтөбе  облыстарында үйлерді ретке келтіруге көмектесіп жатыр

3 мыңнан астам ерікті Ақмола, Ақтөбе облыстарында су тасқынынан кейін үйлерді ретке келтіруге көмектесіп жатыр. Жиһаздарды сыртқа шығарып, ауланы тазартып, қолғабыс етуде.

ӨРКЕН МЫРЗАБЕК, ТІЛШІ:

Біз тұрған мына Иванковка ауылында 108 үй бар. Оның 67 су басқан. Қазір еріктілер жиһаздарды сыртқа шығаруға жәрдемдесуде. Айта кетейік мұнда қоныстанған халық саны -167.

Наталья Гридасова Иванковка ауылында 46 жылдан бері тұрады. Тасқынның салдарынан үйіне кіре алмай қалғанын айтады. Осы қиын кезеңде қол ұшын берген еріктілерге алғысын айтуда.

Наталья ГРИДАСОВА, ТҰРҒЫН:

Бізге көмек беріп жатқандарыңызға көп рахмет. Жастар үйімізді тазалауға, ауыр жиһаздарды сыртқа шығаруға көмек беріп жатыр.

Маржан ЖОЛДАСОВА, ЕРІКТІ:

Әрқайсымыз секторларға бөлініп әрбір үйден жиһаздарды шығарып кептіру керек заттарды шығарып халықтың алғысын алып жатқан жайымыз бар.

Сондай-ақ 30 ға жуық ерікті су басқан үйлерді ретке келтірумен қатар, гуманитарлық көмекті үлестіруге жәрдемдесті. Олар тұрғындарға бір апта бойы қызмет көрсетеді.

Ақерке ИСКАНДИРОВА, "АМАNАТ" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазіргі таңда су кетіп тұрғындар үйлеріне қайтып келіп жатыр. Сондықтан жалғызбасты қарияларға, жалғызбасты аналарға жұмыстарына көмектесуге келдік. Дәл осындай жұмыс Абай облысында, Қостанай облысында, Ақтөбе облыстарында бастау алды.

Ақтөбенің Қобда ауданында 94 үй апатты жағдайда деп танылды. Үйі суға кеткен 254 баспананы арнайы комиссия қарап шыққан. 170 тұрғын үй бағалаудан өткен. Бүгінде бес тұрғынға келтірілген шығын өтелген.

Нұрмұхаммед БАҚЫТҰЛЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АОФ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ:

Ең бірінші Шұбар ауданына барып, ол жақта мән-жайды біліп, ол жақтағы үйі суға кеткен отбасыларға көмектестік. Одан кейін эвакуациялық жұмыстар жүргіздік. «Біз біргеміз!» қоғамдық қорымен бірге гуманитарлық көмекті алып оларды үлестіріп, жан-жаққа бөліп және Ақтөбе облысында зардап шеккен отбасыларға түрлі аудандарға бөліп, үлестірдік.

Жалғызбасты зейнеткер Екатерина Нұржұманованың үйіне қарғын су түнде келген. Қария сол сәтте ештене алып үлгермепті.Барлық дүние мүлкі судың астында қалыпты. Қазір әжей уақытша туыстарының үйінде тұрып жатыр. «Жастар рухы» Жастар қанатының еріктілері келіп, жәрдем бергеніне қария дән риза.

Екатерина НҰРЖҰМАНОВА, ҚОБДА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мен дән ризамын. Еріктілерге рахмет! Мынаның барлығын далаға шығарып, сосын тазарту керек. Оған өзімнің әлім келмейді.

Еріктілер үйдегі ауыр заттарды сыртқа шығарып, үйдің ішін түгел тазалап шықты.Бұл жастар өңірлрде тасқын басталғалы дамыл таппай тәулік бойы жұмыс істеп жүр.

Нұрмұхаммед БАҚЫТҰЛЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АОФ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ:

Осы бізде Ақтөбе облысында жағдай қабылданғаннан бастап ең бірінші Шұбар ауданына барып, ол жақта мән-жайды біліп, ол жақтағы үйі суға кеткен отбасыларға көмектестік. Одан кейін эвакуациялық жұмыстар жүргіздік. «Біз біргеміз!» қоғамдық қорымен бірге гуманитарлық көмекті алып оларды үлестіріп, жан-жаққа бөліп және Ақтөбе облысында зардап шеккен отбасыларға түрлі аудандарға бөліп, үлестірдік.