Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Волонтерлер су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға көмек көрсету үшін күш біріктірді

24.04.2024ж. 20:00
124
Волонтерлер су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға көмек көрсету үшін күш біріктірді

Волонтерлер су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға көмек көрсету үшін күш біріктірді. 50 мыңға жуық ерікті су басқан аймақтағы тұрғындарға көмектескен. Волонтерлер тұрғындарды эвакуациялау, гуманитарлық көмек жинау және үлестіру, құтқарушыларға көмектесу жұмысына жұмылдырылды. Су тасқыны басталғанда Республикалық волонтерлер штабы құрылған еді. Оған еліміздегі ірі республикалық жастар ұйымдары мен қоғамдық қорлары қосылған. Бұл жұмысты «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты үйлестірді. AMANAT белсенділері 4 мың тоннаға жуық керек-жарақ жиналды. Атырауда партияның бастамасымен ұзындығы 22 шақырымды құрайтын бөгет құрылысы аяқталуға жақын.