$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматыда 28 нысан бұзылды

AstanaTV
25.04.2024ж. 13:21
488
Алматыда 28 нысан бұзылды

Алматыда былтырдан бастап талап қою қызметінің нәтижесінде 28 заңсыз нысан бұзылды. Оның ішінде бизнес-орталықтар, мейрамханалар, автосервистер мен тұрғын үй кешендері бар. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ал қала құрылысын бақылау басқармасы жыл басынан бері 377 жоспардан тыс тексеру жүргізіп, салынып жатқан нысандардағы заңбұзушылықтарды жоюға 211 ұйғарым берген.

2022 жылы қала мәслихаты құрылыс регламенттерін іске асыру жоспарына өзгерістер енгізді. Нәтижесінде беткейлері 15 градустан асатын учаскелерде құрылысқа тыйым салынды.

Алатау бөктеріндегі 4 мың гектардан астам жерді рекреациялық аймаққа ауыстыру туралы да шешім шықты. Әкімдік ақпаратынша, Алматыда құрылыс саласында тәртіп орнату үшін кешенді жұмыс жалғасады.