Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Сенат қымбат дәрі-дәрмекке қол жеткізу проблемасын шешуге бағытталған заңды мақұлдады

25.04.2024ж. 20:00
192
Сенат қымбат дәрі-дәрмекке қол жеткізу проблемасын шешуге бағытталған заңды мақұлдады

Еліміз енді халықтың денсаулығына елеулі қатер төнген жағдайда дәрілік препараттардың түпнұсқа көшірмелерін өндіре алады. Сенат құжатты мақұлдады. Заң қымбат дәрі-дәрмекке қол жеткізу проблемасын шешуге бағытталған. Осылайша, Қазақстан шетелдік патентті пайдалана отырып, керек кезде дәрілік препараттар өндірісін ұйымдастыра алады. Тіпті қажет жағдайда импорттауға құқылы.

Айгүл ҚАПБАРОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Хаттаманы ратификациялау дәрілік заттарды өндіру кезінде зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселелерін жетілдіру үшін құқықтық жағдайлар жасауға мүмкіндік береді, Қазақстан халқының денсаулығын қамтамасыз етуді және сапалы дәрілік препараттарды емін-еркін алу мүмкіндігін кеңейтеді.