Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың Қытайға ресми сапары басталды

25.04.2024ж. 20:00
122
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың Қытайға ресми сапары басталды

Мәжілісі төрағасы Ерлан Қошанов бастаған бір топ депутат Қытайға ресми сапармен барды. Бейжіңде депутаттар Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің Төрағасы мен Бүкілқытайлық комитеттің басшысы және Қытай Халық Республикасы Төрағасының орынбасарымен кездесті. Тараптар парламентаралық диалогтан бастап екі ел арасындағы экономикалық және мәдени ынтымақтастыққа дейінгі біраз мәселені талқылады. Мәжіліс спикері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан жүйелі өзгерістер туралы айтты. Ал, депутаттар қытайлық әріптестерінің жұмысына, соның ішінде, жасанды интеллект пен төтенше жағдайларға қарсы күрес саласындағы тәжірибесіне ерекше қызығушылық танытты.