Астанада
«Әміре Парижде» атты ерекше кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл еңбек қазақтың
әнін айдай әлемге танытқан дәстүрлі әнші Әміре Қашаубайұлының 130 жылдығына
орай шығарылған. Әрі ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында елге жасалған
тамаша тарту болғалы тұр.
Тарихи-биографиялық очерктің авторы - белгілі музыка
зерттеушісі Жарқын Шәкәрімұлы. Басылымда әнші Әміре туралы осыған дейін жарық
көрген өзге де еңбектер мен жаңа деректер қамтылған. Майталман өнерпаз жайында
қазақ тілінде ақпарат жетерлік, сондықтан аталған еңбек орыс тілінде жазылды,-
дейді автор.
Айбек ҚОСАНОВ