Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Универсиада ойындарында бүгін Қазақстан құрамасы жүлде алған жоқ

AstanaTV
01.02.2017ж. 20:00
2397
Универсиада ойындарында бүгін Қазақстан құрамасы жүлде алған жоқ

Алматыда өтіп жатқан Универсиада ойындарының үшінші күнінде ұлтық құраманың қоржынына жүлде түспеді. Бүгін конькимен жүгіру спорты мен тау шаңғысынан медаль алатын спортшылардан үміттеніп едік. Спорт жаңалықтары алдағы сюжетте.

Ришат Асқарбекұлы, тілші:

Иә, екі күн бойы жанкүйерлердің айызын қандырған Қазақстан құрамасы бүгін айтарлықтай нәтиже көрсете алмады. Спорт сарапшылары «Шымбұлақ» кешенінде таңертең басталған тау шаңғысы спортынан жүлде күткен еді. Қос спортшы Екатерина Карпова мен Мария Григорова суперкомбинация бойынша еш нәтиже көрсете алмады. Біріншісі трамплиннен секіру барысында ыңғайсыз құлап, жарақат алып қалды. Ал оның әріптесі екі сайыс  қорытындысы бойынша 25-ші орынға тұрақтады. Бас жүлде Ресейдің қанжығасында кетті.

Дәулет Богуспаев, тау шаңғысы спортынан Қазақстан құрамасының бас бапкері:

Екатеринаның ойламаған жерден жарақат алуы бізге ауыр тиіп отыр.  Ол осы маусымда жақсы нәтижелермен көзген түскен болатын. Ерекше дайындалды. Өкінішке орай, аяғын баса алмай қалғандықтан, ауруханаға жатқызылды.

Спорттың осы түрі бойынша ерлер арасында Мартин Хубер, Сергей Данов, Александр Костров, Алексей Сысоев пен Захар Кучин бәсекелестерінен оза алмады. Түс ауа жанкүйерлердің назары «Медеу» мұз айдынына ауған. Бұл жерде әйелдер арасындағы басты фаворит белорус Марина Зуева алтын жүлде алды. Ал Қазақстан құрамасының өкілдері 5-ші орынға тұрақтады. Конькимен жарысудан үкілеп қосқан үміткеріміз Роман Креч екі сайыс қортындысы бойынша 9-шы орыннан аса алмады. Бұл ойында корей спортшылары мықты нәтиже көрсете білді.

Людмила Прокашева, конькимен жүгіру спортынан Қазақстан құрамасының бас бапкері:

Романның алдында жүгірген спортшылар құлап қалды да, арада біршама техникалық үзіліс орын алды. Бұл өз кезегінде оның көңіл-күйіне әсер етті. Ол кәсіпқой, бірақ жеке жаттықтырушысы нәтижелі жұмыс істемегені көрініп тұр. Сондықтан жарыс жолында тиісті көрсеткішке жете алмады.

Кешқұрым «Сұңқар» трамплин кешенінде ерлер мен әйелдер арасында шаңғыдан қос сайыстың алғашқы кезеңі басталды. Қортындысы ертең белгілі болады. Сондай-ақ «Алматы Аренада» бүгін қыздар арасында конькимен мәнерлеп сырғанаудан да жарыстар басталды. Жұма күні осы аренада ерлер арасында Денис Тен өнер көрсетеді.

Ришат Асқарбекұлы, тілші:

Кеше түні «Халық Арена» спорт сарайында шайбалы хоккейден ерлер арасында Қазақстан құрамасы екінші кездесуін өткізді. Қытайдан айласын асырған жерлестеріміз бұл күні де кезекті жеңіспен жанкүйерлерін қуантты. Спортшылар Швеция құрамасын 5:0 есебімен қапы қалдырды. Сонымен үшінші үкннің қортынысы бойынша Ресей құрамасы 10 алтын медальмен әлі көш басында. Қазақстан құрамасы кешегі күнгі қортындыны сақтап қалды. Ал  Польша мемлекетінің спортшылары Қытайды басып озып, үшінші орынға жайғасты.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ