$448.39 €486.91 ₽5.83
×

Қызылжардағы Ботаникалық бақтың аққулары Бурабайдағы Табиғат мұражайына жіберілді

AstanaTV
03.03.2016ж. 20:00
1645
Қызылжардағы Ботаникалық бақтың аққулары Бурабайдағы Табиғат мұражайына жіберілді

Қызылжардағы Ботаникалық бақтың аққулары Бурабайдағы зообаққа жеткізіледі. Киелі құстарды Ақмола облысында ашылған «Табиғат» мұражайының өкілдері алып кетті. Олар өздерінің жеке зообағындағы жануарлар санын көбейтпек. Қазір басқа аймақтарды да аралап жүрсе керек. Бүгінде «Табиғат» мұражайында аң-құстардың 24 түрі бар. Енді олардың қатарына Солтүстік Қазақстан облысынан 10 аққу мен 1 елік қосылмақ. Киелі құстарды ботаникалық баққа өңірдің құтқарушылары тапсырған. Жылы жаққа ұша алмай қалған қанаттыларды олар қала маңындағы көлдерден тапқан. Жалпы, Қызылжардағы ботаникалық бақта отызға жуық аққу бар. Еске салайық, осыған дейін біз оларға берілетін жем-шөптің тапшылығы туралы айтқан болатынбыз. Бақтың зоологы Леонид Некрасов: "Енді ботаникалық бақтағы жағдай біршама жеңілдей түсті", - дейді.

  


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах