Алматы облысы Талғар аудандық соты полиция формасын заңсыз киген ер адамға 18 460 теңге айыппұл салды.
Алматы облысы Талғар аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 675-бабының 1-бөлігінде көзделген арнайы полиция қызметкерінің формасын заңсыз киіп жүру фактісі бойынша И. есімді азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды.
Құқық бұзушының кінәсі оның мойындауымен, сондай-ақ сот отырысы барысында зерттелген іс материалдарымен дәлелденді.
«Сот қаулысымен құқық бұзушы И. кодекстің 675-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 5 АЕК (18 460 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Форма тәркіленеді» деп хабарлады соттан.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.