Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Атырау облысында Жайық өзеніндегі су қауіпті деңгейден асып кетті

AstanaTV
06.05.2024ж. 22:59
628
Атырау облысында Жайық өзеніндегі су қауіпті деңгейден асып кетті

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы 2024 жылы 6 мамырда Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша сағат 20.00-дегі соңғы мәліметті ұсынды.

Соңғы тәуліктегі Жайық өзеніндегі су деңгейіне қатысты өзгеріс:

Индербор ауылы: + 16 см, су деңгейі - 900 см, қауіпті деңгейі - 845 см;

Махамбет ауылы: + 7 см, су деңгейі - 868 см, қауіпті деңгейі - 850 см;

Атырау қаласы: + 5 см, су деңгейі - 501 см, қауіпті деңгейі - 550 см.

Жаңаталап ауылы: + 4 см, су деңгейі - 360 см, қауіпті деңгейі - 500 см;

Еркінқала ауылы: + 4 см, су деңгейі - 320 см, қауіпті деңгейі - 450 см.