Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Ұлыбританиямен жолдастық кездесуде жеңіске жетті

AstanaTV
08.05.2024ж. 07:49
466
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Ұлыбританиямен жолдастық кездесуде жеңіске жетті

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындық аясында Ұлыбританиямен жолдастық кездесуде жеңіске жетті.

Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер қарсыласынан 5:2 есебімен басым түсті. Шабуылшы Никита Михайлис хет-триктің авторы атанды.

Ұлыбритания - Қазақстан 2:5 (1:0; 0:2; 1:3)

1:0 - Кирк (Холберт) - 05:40

1:1 - Михайлис (Савицкий, Гренц) - 28:16

1:2 - Михайлис (Орехов, Савицкий) - 31:54

1:3 - Шестаков (Старченко) - 42:35 ГБ

2:3 - Руопп (Кирк) - 45:23

2:4 - Старченко (Михайлис) - 47:59

2:5 - Михайлис (Старченко) - 59:27 ПВ

Қақпашылар: Уистл (Боунз 29:36 -60:00) - Шутов

Ел құрамасы 10 сәуірден бастап елордада өтетін элиталық дивизиондағы әлем чемпионатына дайындыққа кіріскен болатын.

Оқу-жаттығу жиынына шетелдік және отандық клубтарда ойын көрсететін хоккейшілер шақыру алған.

Қазақстандық хоккейшілер 2021 жылдан бері элиталық дивизионда ойын көрсетіп келеді.

Қазақстан құрамасы В тобында Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен сынға түседі.

Алғашқы ойынын Қазақстан құрамасы 11 мамырда Франция құрамасына қарсы өткізеді.