$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын форматта өткен отырысына қатысты

AstanaTV
08.05.2024ж. 22:02
857
Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын форматта өткен отырысына қатысты

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын форматта өткен отырысына қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтіп жатқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысына қатысты.

Саммитке Қазақстан Президентімен қатар, Армения Премьер-министрі – ЖЕЭК төрағасы Никол Пашинян, Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастықтың маңызды міндеттері мен негізгі бағыттарын талқылады. Сондай-ақ ЕАЭО қызметінің жекелеген аспектілері жөнінде пікір алмасты.