Қызылорда облысында екі адамды тоқ соғып, мерт болды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Қайғылы оқиға 8 мамыр күні Шиелі кентінде болған.
Ер адамдар темір құбырды манипулятормен көтерген. Сол сәтте оларды электр тогы соққан. Салдарынан бір адам ауруханаға жеткізілсе екі адам көз жұмған.
“Сағат 8.20-да темір құбырды манипулятормен көтерген кезде (10 КВт жоғары вольтты сымға тиген) электр тогының соғуынан 2 адамның қаза тапқаны туралы ақпарат келіп түсті. Олардың біреуі Қазақстанның 2000, екіншісі Өзбекстанның 1993 жылғы азаматтары екені анықталды. Ал 1993 жылы туған бір адам ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына ТЖ департаменті, аудандық полиция бөлімі, жергілікті атқарушы орган, аудандық электр желісі компаниясының өкілдері барды”, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті.