Қазақстанда
ең төменгі күнкөріс деңгейі өсуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Орталық
коммуникациялар қызметінде Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы
Құсайынов мәлімдеді. Бір жарым жыл бойы зерттеу жүргізген федерация қазір
өңірлерден жиналған ақпаратты саралап жатыр. Ал нақты сандар толығымен
анықталған кезде кәсіподақтар басшылығы оны үкіметке жіберуді жоспарлап отыр. Күнкөріс
деңгейі туралы құжат биылғы жарты жылдықта толықтай дайын болады. Сондай-ақ
Әбілғазы Құсайынов соңғы екі жыл ішінде кәсіподақтар мүшелерінің саны 116
мыңнан астам адамға көбейгенін жеткізді. Елбасы жолдауының басты тақырыптарының
бірі жаңа жұмыс орындарын ашу екендігі белгілі. Бұл ретте жастарды жұмыспен
қамту мәселесінде айтарлықтай басымдық берілген.
Әбілғазы
Құсайынов, ҚР кәсіподақтар федерациясының төрғасы:
Жиырма
мың жаңа жұмыс орындары пайда болады деп айтылған. Бұл бағытта міндетті түрде жаңа
жұмыс орындарында кадр мәселесін шешу керек. Жастар оқу керек. Өздеріңізге
мәлім ағымдағы жылғы бірінші қаңтардан бастап жастар училищеден алғашқы жұмыс
мамандығын тегін алады.