Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қырғызстанда көз жұмған науқастар «плацебо» қабылдаған

AstanaTV
08.02.2017ж. 20:00
1889
Қырғызстанда көз жұмған науқастар «плацебо» қабылдаған

Қырғыз азаматтарының қазақстандық «ФС-1» препаратын ішкеннен кейін қайтыс болғаны жайлы ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатыны белгісіз. Себебі бас прокуратура тергеуді аяқтамаған. Бұл туралы Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері айтты.

Аэлита Ибраева, Қырғыз Республикасы ДСМ медициналық көмек және дәрілік саясат басқармасының бас маманы:

Бас прокуратура тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал азаматтардың неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз болып отыр. Қазір алдын ала болжамдар да жасай алмаймыз. Себебі жауабымыз нақты дәлелдерге сүйенуі тиіс. Тергеу амалдары өткен жылдың жаз айында басталған болатын. Әлі қорытындысы шыққан жоқ.

Құрт ауруына шалдыққан екі қырғыз азаматы бұл препараттан емес, «плацебо», яки бейтарап затты қабылдаған соң көз жұмған. Осы ФС-1 препаратын ойлап тапқан «Инфекцияға қарсы дәрі-дәрмектердің ғылыми орталығы» төрағасының орынбасары осылай деп отыр. Азембаевтың сөзінше, туберкулезбен ауырған науқастарға ем-дом халықаралық стандарттарға сай жүргізіледі. Соған сай, кейбір науқастар «ФС-1» препаратын қабылдаса, енді бірі «плацебоға» жүгінеді. Тіпті Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі асығыс шешім қабылдадық деп, өлім ФС-1 препаратынан болды деген ақпаратты жоққа шығарған.

Әмір Азембаев, «Инфекцияға қарсы дәрі-дәрмектердің ғылыми орталығы» АҚ төрағасының орынбасары:

Қазір минздрав интернетке хат жазып жатыр. Түндегі қоғамдық кеңестің жіберген информациясы дұрыс емес деп минздравтың өзі жіберіп жатыр. Ал анау қоғамдық кеңес минздравтың атынан жазған. Бұл сұрақтардың барлығы баяғыда шешілген болатын. Біз дәлелдеп көрсеткенбіз. Анау қайтыс болған адамдар дәрі емес, плацебо ішкен. Оны көрсеттік.