$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Оралдық «Жайық жарығы» мекемесінің жұмысшылары жұмыссыз қалмайтын болды

AstanaTV
08.02.2017ж. 20:00
4169
Оралдық «Жайық жарығы» мекемесінің жұмысшылары жұмыссыз қалмайтын болды

Оралдағы «Жайық жарығы» мекемесінің қызметкерлері жұмыссыз қалмайтын болды. Айта кетелік, кәсіпорын басшылығы 40 жұмысшыны екі айға мәжбүрлі түрде ақысыз еңбек демалысына жіберетінін мәлімдеген екен. Басшылық мұны мекеменің жағдайы қиындап, қарызы 50 миллион теңгеге жеткендігімен байланыстырады. Ал жұмыссыз қалатынын білген жұмысшылар мұнымен келіспей шу шығарды. Олар несиесі төленбей, отбасын асыру қиынға соғатынын айтқан еді. Кейін бұл дауға жергілілікті билік араласып, тараптар татуласып тарасты.

Қайратқожа Қожамұратов, «Жайық жарығы» ЖШС директоры:

Коллективіммен кездестік, сөйлестік, бәрі басшылықты қолдады. Сосын ортақ шешімге келдік: ешқандай жұмысшы уақытша жұмысқа кетпейді. Ауысым бойынша жұмыс жасайды. Яғни шамамен 30-40 адам жарты ставкамен жұмыс істейтін болып қалдырдық.