Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Мұнай ұрлығы бойынша айыпталғандарды қамау мерзімі ұзартылды

AstanaTV
08.02.2017ж. 20:00
2747
Мұнай ұрлығы бойынша айыпталғандарды қамау мерзімі ұзартылды

Мұнай ұрлығына қатысты айыпталғандарды қамау мерзімі ұзартылды. Бұл ақпаратты Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі растады. Еркін Ізбасар бастаған 15 күдіктіні қамау уақыты 7 наурызға дейін ұзартылған. Қамалғандар арасында Ақтөбе, Маңғыстау облыстары тұрғындарынан өзге, Ресейдін Орынбор облысынан және Алматыда тұратын Беларусь елінің азаматы да бар. Бұл іс бойынша барлығы 20 адам ұсталған болатын.

Естеріңізге салсақ, 2016 жылы желтоқсанның басында еліміздің бірнеше аймағында "мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан" деген күдікке ілінген топ мүшелерін ұстау операциясы жүргізілген еді. Бірінші топ мүгедегі Еркін Ізбасар мен оның серіктеріне Қылмыстық кодекстің "мұнай және мұнай өнімдерін қылмыстық топ құрамында заңсыз иелену, өткізу, сақтау, қайта өңдеу" және "ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру" деген баптары бойынша айыптар тағылған.