Cу тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы жаңа баспанасының кілтін алды. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында 658 жаңа үй салынып жатыр. Сонымен қатар 596 отбасына 878 млн теңгеден астам қаражатқа тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы төленді. 25 мыңға жуық отбасы 9,3 млрд теңгеден астам сомаға 100 Айлық есептік Көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем алды. Зардап шеккен өңірлерде барлығы 10 740 тұрғын үй тексеріліп, 8 168 нысан бойынша бағалау жүргізілді. Ал мал шығыны үшін берілген мемлекеттік көмек көлемі 1,3 млрд теңгеден асты.