Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қазақстанның Польшадағы Төтенше және өкілетті елшісі жауапқа тартылмақ

AstanaTV
09.02.2017ж. 20:00
2731
Қазақстанның Польшадағы Төтенше және өкілетті елшісі жауапқа тартылмақ

Қазақстанның Польшадағы Төтенше және өкілетті елшісі Алтай Әбиболлаев жауапқа тартылуы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысында белгілі болды. Жиында дипломаттың мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралды.

Елшінің нақты қандай заңсыз әрекетке барғыны әзірге белгісіз. Комиссия қорытындысы бойынша Әбиболлаевқа «қызметіне толық сай еместігі» туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдану жөнінде Мемлекет басшысына ұсыныс енгізуге шешім қабылданды.

Айта кетейік, Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметін атқарған 43 жастағы Алтай Әбиболлаев Қазақстанның Польшадағы елшісі болып өткен жылдың мамыр айында тағайындалған еді.